Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығы
(2024.29.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 104 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі | А. Куантыров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 26 мамырдағы
№ 85 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті
мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру тәртібін айқындайды.