«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының 2024 жылғы 14 қарашадағы № 04/276 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 5 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 - бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Р.А. Баялиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы | А. Нурпеисов |
Қазақстан Республикасы
Президенті Іс басқарушысының
2024 жылғы 14 қарашадағы
№ 04/276 бұйрыққа қосымша
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі
көрсететін ұсынатын қызметтер үшін тарифтердің
мөлшері
| № | Көрсетілетін қызметтердің атауы | Өлшем бірлігі | Ұзақтығы | Қызметтер үшін тарифтер |
| 1 | Ұйымдастырылған экскурсиялар мен туристік жорықтарды өткізу кезінде туристік соқпақтарды ұсыну | 1 адам | 1 бару | 0,26 АЕК |
| 2 | Қарау алаңдарын, бивач алаңдарын, шатырлы лагерьлерді, кемпингтерді, жағажайларды орналастыру үшін (қысқа мерзімді пайдалану шарттары бойынша) орындар беру | 1 га | 1 ай | 27,38 АЕК |
| 3 | Ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар жүргізу, жолдар салу және орналастыру бойынша қызметтер көрсету | 1 га | 1 ай | 11,25 АЕК |