Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 42/02 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 65/01 Қаулысы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 05/02 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 42/02 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3379 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 7 қыркүйегінде, 2015 жылдың 22 тамыздағы № 119 (21870) «Индустриальная Караганда», 2015 жылдың 22 тамыздағы № 132-133 (22018) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;»;
1 тармақ келесі мәтіндегі 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;
осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылсын.