Введите номер документа
Прайс-лист

«Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 597 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасреда, 1 сентября 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 1 сентября 2021
Дата последнего измененияпятница, 19 августа 2022

Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 597 Қаулысы

(2022.19.08. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 166-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін 100 (жүз) пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтары және «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін 100 (жүз) пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды жүзеге асырсын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 1 қыркүйектегі

№ 597 қаулысымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом