Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығы
(2021.30.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызметі туралы» Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Адам ресурстары департаменті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында осы бұйрықтың жариялануын;
3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі | М. Тілеуберді |
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2020 жылғы 17 тамыздағы
№ 11-1-4/227 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер