«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 196-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тармағының үшінші және төртінші абзацтары 2026 ж. 6 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
орыс тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»;
14-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
15-тармақтың 23) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: