Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығы
(2014.13.06. берілген толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 6 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С.Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В.Лепеха) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 9 қаңтардағы
№ 10 бұйрығымен
бекітілген
Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындары ішкі тәртібінің осы Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртібін белгілейді.
2. Қабылдау-тарату орындарында режимді қамтамасыз ету, онда ішкі тәртіпті ұстау қабылдау-тарату орнының әкімшілігі мен қызметкерлеріне жүктеледі.