«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 473 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 43 бірлескен бұйрығы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары жаңа редакцияда жазылсын;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрлыспен және өндірістік қызметтің басқа түрлерімен айналысатын ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы жаңа редакцияда жазылсын;