Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 172 Бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 13-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрi С. Баймағанбетов 2010 жылғы 20 шілде | «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi Ж. Досқалиев 2010 жылғы 1 тамыз |
| «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев 2010 жылғы 5 тамыз | «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Әшімов 2010 жылғы 6 тамыз |
| «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Күрішбаев 2010 жылғы 27 шілде | «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г. Әбдіқалықова 2010 жылғы 30 шілде |