Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 582/НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 13 наурыздағы № 111/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру туралы» 2023 жылғы 27 қарашадағы № 582/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы біліктілік жөніндегі салалық кеңестің құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2025 жылғы 13 наурыздағы
№ 111/НҚ бұйрығына
қосымша
Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы біліктілік жөніндегі салалық кеңестің
құрамы
| Римма Адхамовна КОЙШУБАЕВА | - | «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК (бұдан әрі - «ҰГКАО» РМК) бас директорының кеңесшісі (келісу бойынша), салалық кеңестің төрағасы; |
| Мәлік Серікұлы ОЛЖАБЕКОВ | - | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, салалық кеңес төрағасының орынбасары; |