2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 қазандағы № 617 Қаулысы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 328 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
реттік нөмірі 120-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 120 | «Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясат: басқару технологиясын әзірлеу және қоғамдық келісімді нығайтуға азаматтарды тарту» | Қоғамдық келісімді сақтау саясатын іске асыру және жаңа саяси бағыт аясында ұлттық бірлікті нығайту үшін практикалық ғылыми-негіздемелік ұсынымдар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі | «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК | 001 «Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен іске асыру» | 25 000 |
».