Введите номер документа
Прайс-лист

«Жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимылы үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, сондай-ақ цифрлық ортаның өзге де субъектілерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 18 ақпандағы № 82/НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Информация о документе
Датасреда, 18 февраля 2026
Статус
Не введен в действиевводится в действие с 13 июля 2026

Жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимылы үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, сондай-ақ цифрлық ортаның өзге де субъектілерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 18 ақпандағы № 82/НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 81-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимылы үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, сондай-ақ цифрлық ортаның өзге де субъектілері тізбеге сәйкес айқындалсын.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2026 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами