Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Жетісу облысы Көксу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 22-90 шешімі
Осы редакция 2025 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 4, 5-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189820 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Алматы облысы Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 23 желтоқсадағы № 72-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 150591 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Көксу ауданы мәслихатының төрағасы | Ж. Бейсенбай |
Жетісу облысы
Көксу аудандық мәслихатының
2024 жылғы 15 сәуірдегі
№ 22-90 шешіміне қосымша
Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібі