«Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 149 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12062 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.