Введите номер документа
Прайс-лист

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 244-VIIІ Заңы

Информация о документе
Датапятница, 26 декабря 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2024
Дата последнего измененияпятница, 26 декабря 2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

 Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі)

өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1) 3-баптың 3-тармағындағы «1» деген цифр «31» деген цифрлармен ауыстырылсын;

1-баптың 2) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2) 225-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:

«30) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген субсидиялар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі жəне бір мезгілде электр энергиясын, суды (дистиллятты) жəне жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар үшін гранттардың немесе басқа да өтеусіз көмектің алынуы.»;

1-баптың 3) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

3) 264-бап мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:

«24) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жəне жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген субсидиялар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі жəне бір мезгілде электр энергиясын, суды (дистиллятты) жəне жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар үшін гранттар немесе басқа да өтеусіз көмек есебінен жүргізілген шығындар шегерімге жатпайды.».

2-бап. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2) жəне 3) тармақшаларын қоспағанда, 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

   Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 26 желтоқсан

    № 244-VIIІ ҚРЗ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом