Введите номер документа
Прайс-лист

«Қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қарауды регламенттейтін заңнаманы қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 2 Нормативтік қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 10 марта 2022
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 июля 2025

Қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қарауды регламенттейтін заңнаманы қолдану туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 2 Нормативтік қаулысы

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 1 Нормативтік қаулысымен күші жойылды

 

Заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау тәртібін регламенттейтін қолданыстағы заңнаманы біркелкі және дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі - Конституция) 76-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес заңды күшіне енген сот үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың аумағында міндетті күші бар екені және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) ережелеріне сәйкес дереу орындалуға жататыны түсіндірілсін. Осыған байланысты қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау ерекше жағдайларда, қатаң түрде ҚПК-нің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуға және олардың орындалуына кедергі келтірмеуге тиіс.

Қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚПК-нің 446-бабы үшінші бөлігінің тәртібімен енгізілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор) наразылығы, облыстық не оған теңестірілген сот төрағасының ұсынуы бойынша не Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үш судьясының (бұдан әрі - Жоғарғы Сот судьялары) қаулысымен кассациялық сатыға берілген ҚПК-нің 486-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаттары бойынша ғана жүргізеді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом