ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте Ереженің 14-тармағы 23) тармақшасының үшінші абзацы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 6 қыркүйек
№ 984
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 984 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1271 Жарлығымен
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер