Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2026 - 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 1117 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2026 - 2028 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы және толық орындалуын және көрсеткіштерге қол жеткізілуін қамтамасыз етсін;
2) жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 ақпаннан және 15 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1117 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі
2026 - 2028 жылдарға арналған
кешенді жоспар
Кіріспе
Есірткіге қатысты ахуал туралы