Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығы
(2019.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 8 маусым
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 7-1/393 бұйрығымен
бекітілген
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және
биологиялық материалдың сынамаларын алу
қағидалары
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.11.01. № 9 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер