ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 446 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің м.а. 2016.22.07. № 595 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 311 бұйрығына
1-қосымша
«Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен
айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.22.07. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 249 бұйрығымен бекітілген «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері жанындағы жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы нысанында ресімделген жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) аттестаттаудан өткендігі не өтпегендігі туралы шешімі.