Введите номер документа
Прайс-лист

«Астана қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 237/32-VII шешімі (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 30 сентября 2022
Статус
Утратил силу
утратил силу с 3 марта 2025

Астана қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы
Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 237/32-VII шешімі

 

Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 14 ақпандағы № 271/34-VIII шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Ұсынылып отырған Астана қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласы мәслихатның хатшысы

Е. Каналимов

 

Астана қаласы мәслихатының

2022 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 237/32-VII шешіміне

қосымша

 

 

Астана қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бап, 2-2-тармағына, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1 тармақ 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленді және үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің тәртібін белгілейді.

2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1) жануардың иесі - жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;

2) жауапты адам - жануар иесінің Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам;

3) ұстау орны - жануардың иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар немесе жер учаскелері;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами