Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiту туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 326 Қаулысы
(2019.12.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесi бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2017.26.01. № 10 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.12.03. № 38 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 326 қаулысына
1-қосымша
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің
тізбесі
| № | Орналасқан жері | Су айдындарының атауы |