«Мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай, кешкі оқу, онлайн-оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 284-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай, кешкі оқу, онлайн-оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6111 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша кешкі оқу, онлайн-оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша кешкі оқу, онлайн-оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай, кешкі оқу, онлайн-оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.