Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ, АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ОРГА...

Информация о документе
Датавторник, 22 декабря 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 22 декабря 2015

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 151 бұйрығы

 

Осы редакция 2020 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 16-1-бабын іске асыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;

3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет миинстрілінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрықтың мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

 

А. Дауылбаев

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом