«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 47 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 10 ақпандағы
№ 47 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 68 бұйрығына қосымша
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру
жоспары
| № | Облысы, ауданы, орналасқан жері | Жиынтық қуаты, МВт | ЖЭК пайдалану объектісінің түрі |
| Солтүстік аймақ |
| Ақмола облысы |
| 1. | Ақмола облысы, Аршалы ауданы | 256 | Жел электр станциясы |
| 2. | Ақмола облысы, Ерейментау ауданы | 129,94 | Жел электр станциясы |
| 3. | Ақмола облысы, Целиноград ауданы | 100 | Күн электр станциясы |
| 4. | Ақмола облысы, Целиноград ауданы | 0,75 | Жел электр станциясы |
| 5. | Ақмола облысы, Зеренді ауданы | 7 | Жел электр станциясы |
| 6. | Ақмола облысы, Біржан сал ауданы | 0,03 | Күн электр станциясы |
| Ақтөбе облысы |
| 1. | Ақтөбе облысы, Мартөк ауданы | 0,45 | Жел электр станциясы |
| 2. | Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы | 96 | Жел электр станциясы |
| Шығыс Қазақстан облысы |
| 1. | Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы | 29,7 | Жел электр станциясы |
| 2. | Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы | 30 | Күн электр станциясы |
| 4. | Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы | 24,9 | Су электр станциясы |
| 5. | Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы аумағы | 39,375 | Су электр станциясы |
| 6. | Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы | 2,43 | Су электр станциясы |