«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы және ынтымақтастығы жөніндегі кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 651 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 578 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы және ынтымақтастығы жөніндегі кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 651 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы және ынтымақтастығы жөніндегі кеңес туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы және ынтымақтастығы жөніндегі кеңес құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.