«Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 29 бұйрығы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 36-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес уран өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт бекітілсін;».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартта:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес жер қойнауы Қазақстан Республикасының халқына тиесілі, халықтың атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратындығын;
2) Қазақстан Республикасы жер қойнауы учаскесін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) көзделген негіздермен, талаптармен және шекте пайдалануға беретіндігін;