Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығы
(2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Энергетика министрінің 2022.15.04. № 136 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 36-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің 2023.24.01. № 29 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
3) ҚР Энергетика министрінің 2025.06.10. № 374-н/қ бұйрығымен алып тасталды (2025 ж. 9 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт бекітілсін;
2. «Көмір, уран және көмірсутек шикізатын барлауға, өндіруге, бірлесіп барлауға және өндіруге арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 260 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11527 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;