Жолтабаны 1435 мм теміржол жолдары
Күрделі жөндеу жүргізу
Техникалық талаптар
ҚР СТ 1679-2007
Мазмұны
1 Қолданылу cаласы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Терминдер мен анықтамалар
4 Техникалық талаптар
5 Дайындық жұмыстары
6 Негізгі жұмыстар
7 Жолды жөндеу
8 Құрастырылымы əр түрлі жолдарды жөндеу ерекшеліктері
9 Жолды жөндеуден кейін қабылдау
10 Жол жөндеу кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
А қосымшасы. Жоғарғы құрылыс конструкциялары, типтері мен элементтері, жол жұмыстарының түрлері, олардың орындалу мерзімділігі бойынша техникалық шарттар мен нормативтер
Б қосымшасы. Жолды күрделі жөндеуден кейін қабылдауға қойылатын техникалық шарттар
Қосымша. Библиография
1 Қолданылу саласы
Осы стандарт жолтабаны 1435 мм теміржол жолын күрделі жөндеуден өткізуге қойылатын техникалық талаптарды белгілейді.
Осы стандарт жолаушылар жəне рефрижераторлық пойыздардың жүру жылдамдығы 100 км/сағ. дейін жəне жүк пойыздарының жылдамдығы 70 км/сағ. дейін, саптамасы 1360 мм жəне шақтамасы 3 мм болатын қос дөңгелекті жылжымалы құрамы арқылы қатынайтын, жолтабаны ені 1435 мм қосарланған жол бағыттамаларын, жолдардың қосылуы жəне қиылысуы ауыстырылатын жолдарды сақтауға жəне жөндеуге арналған ұйымдар қолдануға арналған.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта мынадай стандарттарға сілтемелер пайдаланылды:
ГОСТ 16016-79 Теміржол жолдарының рельстік бекітпесіне арналған клеммалық бұрандамалар. Құрастырылымы мен өлшемдері. Техникалық талаптар.
ГОСТ 16017-79 Теміржол жолдарының рельстік бекітпесіне арналған орнату бұрандамалары. Құрастырылымы мен өлшемдері. Техникалық талаптар.
ГОСТ 11532-93 Теміржол жолдарының рельстік түйіспе бұрандамала- рына арналған сомындар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 7392-2002 Теміржол жолының балласттық қатпарына арналған тығыз тау жыныстарынан жасалған шағыл тас. Техникалық шарттар.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
3.1 Балласт тазартатын машиналар (БТМ): Жұмыс жағдайында жол торы алынған кезде жүріс азайтқышпен жабдықталған Т-100М тракторларымен тарту арқылы қозғалатын балласт тазартатын арнайы машина.