Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 934 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі | Е. Сарсембаев |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 934 бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 «Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін бекіту туралы» бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14961 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;