«Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау және «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 912 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлері айқындалсын.
2. «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 912 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 22 мамырдағы
№ 393 қаулысына
қосымша
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлері
| Р/с № | ЭҚЖЖ | Қызмет түрлері |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 | 01.70.0 | Аңшылық пен аулау, осы салаларда көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қоса алғанда |
| 2 | 33.17.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де көлік құралдары мен жабдықтарын жөндеу |
| 3 | 43.22.0 | Сумен жабдықтау, жылыту және ауа баптау жүйелерін монтаждау |