Мақаншы ауданы әкімінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 1 «Мақаншы ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Абай облысы Мақаншы ауданы әкімінің 2026 жылғы 12 ақпандағы № 1 шешімі
Мақаншы ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Мақаншы ауданы әкімінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі «Мақаншы ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 335-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мақаншы ауданының әкімі | Д. Койгельдин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Мақаншы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
Мақаншы ауданы әкімінің
2026 жылғы 12 ақпаны
№ 1 шешіміне
қосымша
Мақаншы ауданы әкімінің
2024 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 1 шешіміне
қосымша
Мақаншы ауданының сайлау учаскелері
№ 450 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Мақаншы ауылы, Ә.Найманбаев көшесі 155, Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Мақаншы ауылы: