Көміртегі бірліктерінің саудасы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 29 маусымдағы № 221 бұйрығы
(2026.11.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.25.09. № 215 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 299-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көміртегі бірліктерін сату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. | С. Брекешев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және Интеграция Министрлігі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.25.09. № 215 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Көміртегі бірліктерінің
саудасы қағидаларын бекіту