Шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін не осы тауарларды қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему нәтижесінде қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін тану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 373 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына, 88-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, 174-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, 305-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 306-бабының 3-тармағының 5) тармақшасына, 322-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, 328-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін не осы тауарларды қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему нәтижесінде қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін тану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Теңгебаев А. М.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;