Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 Қаулысы
(2014.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 59 қаулысымен
бекітілді
Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг,
бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын
талаптары
1. Жалпы ережелер
Осы Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыруға, клиринг ұйымында мониторингінің, тәуекелдерді бақылау және басқару шарттары мен талаптарын белгілеуге қойылатын талаптарды айқындайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.07. № 205 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)