Ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 16 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
19 қаңтар 2015 жылы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
15 желтоқсан 2014 жылы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 24 қарашадағы
№ 7-1/611 бұйрығымен
бекітілген
Ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-20) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағында ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: