Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 714 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 714 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Ақмола облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 13-12-жол алып тасталсын;
«Ақтөбе облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 133-6-жол алып тасталсын;
«Атырау облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 145-6-жол алып тасталсын;
«Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде реттік нөмірлері 165-15 және 165-16-жолдар алып тасталсын;
«Жамбыл облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 180-5-жол алып тасталсын;
«Қарағанды облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 214-17-жол алып тасталсын;
«Қызылорда облысы» деген бөлімде реттік нөмірлері 218-6 және 218-8-жолдар алып тасталсын;
«Қостанай облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 229-11-жол алып тасталсын;
«Павлодар облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 265-11-жол алып тасталсын;
«Түркістан облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 303-жол алып тасталсын.