Мәслихаттың 2022 жылғы 30 наурыздағы № 207 «Қазалы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 329 шешімі
Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Қазалы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2022 жылғы 30 наурыздағы № 207 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27549 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қазалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазалы аудандық мәслихат хатшысы | Б. Жарылқап |
Қазалы аудандық мәслихатының
2022 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 329 шешіміне қосымша
Қазалы аудандық мәслихатының
2022 жылғы 30 наурыздағы
№ 207 шешіміне қосымша
Қазалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу
тәртібі мен мөлшері