«Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 57 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6939 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінде:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғаларға (бұдан әрі - үміткерлер) мынадай жағдайларда беріледі:»;
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4, 4-5 және 4-6 тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге - өнер және сәулет саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:
1) осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;
2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес) және (немесе) шығармашылық еңбектері, оның ішінде:
уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы және (немесе) Қазақстан Республикасында ұсынылған шығармашылық еңбектері;