«Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 205-1871 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 10 қарашадағы
№ 205-1871 қаулысына
қосымша
«Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Астана қаласының аумағында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. Басқармада ведомстволар жоқ.