Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығы
(2023.29.12. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі | А. Оралов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 14 шілдедегі
№ 181 бұйрығымен
бекітілген
Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: