Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1046 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 21 декабря 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 21 декабря 2022
Дата последнего изменениясреда, 21 декабря 2022

Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1046 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сейсмология институты» және «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері заңнамада белгіленген тәртіппен жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Сейсмикалық қауіпті бағалау, күшті жер сілкіністерін ғылыми болжау, ірі елді мекендер мен стратегиялық объектілерде сейсмикалық тәуекелді бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аумақтарында кешенді сейсмологиялық мониторинг жүргізу серіктестік қызметінің негізгі түрлері болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) серіктестіктің жарғылық капиталын қайта ұйымдастырылатын «Сейсмология институты» және «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мүлкінің құны есебінен қалыптастыруды;

2) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді;

3) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом