Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000 - 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 314 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000 - 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | Е. Карашукеев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 3 қазандағы
№ 314 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты
(1:1 000 - 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі
әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000-1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының табиғи азықтық алқаптарының ірі масштабты (1:1 000-1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу кезінде қолданылады.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: