«Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 190 Өкіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 75 Өкімі
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 190 Өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 23, 370-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Өкімге 2-қосымша осы Өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің
2016 жылғы 9 сәуірдегі
№ 75 Өкіміне қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 22 наурыздағы
№ 190 Өкіміне 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы
сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің, гранты иегері куәлігінің және Алғысының
СИПАТТАМАCЫ
1. Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы лауреатының дипломы цифрлық принтерде көлемі 400 х 400 мм «Sirio Pearl» (алтын) түріндегі қағазға тігінен басылады.
2. Дипломның орталық бөлігінде «қарындашпен салынған графика» тәсілімен «Ақорда» ғимаратының графикалық кескіні орналастырылған.
3. Диплом мәтіні «Alina Pure 9005» (күрең қызыл) қағазынан әзірленген паспартумен жиектеледі, оның жоғарғы бөлігінің орта тұсында алтынмен зерленген Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орналасады. Диплом мәтіні мемлекеттік тілде қызыл-күрең бояумен цифрлық тәсілде төмендегідей редакцияда басылады:
ДИПЛОМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ