Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 195 бұйрығы
(2015.24.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 40 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 35-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е.Досаев
2015 жылғы 1 сәуір
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 195 бұйрығымен бекітілген
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер