2025 жылға арналған әскери стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 452 бұйрығы
(2025.23.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 945 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, олардың күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларының 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2025 жылға арналған әскери стандарттау жөніндегі жұмыс жоспары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
| Министрдің міндетін атқарушы | Р. Исақұлов |
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс Министрінің 2025.23.06. № 221 бұйрығымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушының
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 452 бұйрығына
қосымша
2025 жылға арналған әскери стандарттау жөніндегі жұмыс жоспары
| р/с № | Тапсырма коды (тақырып) МСЖ коды (МЖ бойынша (ИСО/ИНФО МСЖ) 001-96 | Әскери стандарт жобасының атауы (Жұмыс түрі) | Әзірлеу мақсаты (негіздеме) | Қаржыландыру көзі | Жұмысты орындау мерзімі | Тапсырыс беруші/ орындаушы ұйым | Болжамды әзірлеуші/бірлесіп орындаушы ұйым |
| Әзірлеудің басталуы | Жобаның соңғы редакциясын бекітуге ұсыну |
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |