Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығы
(2018.04.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16, 117-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 116 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 2 наурыздағы № 134 «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықтың кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7567 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдедегі № 369-374 (27448) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына (Б. Бердалин) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі | Қ. Қасымов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2014 жылғы 3 қыркүйек