Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 5 бұйрығы
(2023.30.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 210-1-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті (бұдан әрі – Агенттік) заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
2022 жылғы 29 наурыздағы
№ 5 бұйрығымен
бекітілген
Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 210-1-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу (енгізу және алып тастау) тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Тізілім).
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сенім білдірілген адам – экономикалық шоғырланудың нысанасы болып табылатын мәселелер бойынша арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар адам;
2) кандидат – кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі тізілімге енгізу үшін ұсынатын, адам.