Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 97 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 27 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Д.А. Тайшыбаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (А.С. Қасенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
5. 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) Тізбенің 3-тармағының жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші және отыз екінші абзацтары тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы абзацтардың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:
«16. Ұлттық Банкке тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары есепті тоқсаннан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей, мынадай нысандар бойынша:
Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бухгалтерлік балансты;