Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 тамыздағы № 488 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 9 тамыздағы
№ 488 қаулысымен
бекітілген
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы
ұлттық жоспары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспары (бұдан әрі - жоспар) ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйіне олардың жұмысының бұзылуын бір мерзімде барынша азайта отырып, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының әсерін азайту бойынша жүйе субъектілерінің іс-қимыл тәртібін айқындайды.
2. Осы жоспар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелерге, сондай-ақ арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар және/немесе үкіметтік, президенттік, құпияландырылған, шифрланған және кодталған байланыс желілеріне қолданылмайды.
3. Осы жоспарда мынадай ұғымдар пайдаланылады: